Орын бар! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Орын бар!

444

Smiley face

Оларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі жоба шеңберінде салу көзделіп отыр. Жобалар Ақтөбе облысының білім басқармасы бастамашылық еткен.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жобалар келесі жылдың соңына дейін іске асырылуы тиіс, бұл ретте әрбір объектіні пайдалану кезеңі пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 20 жылды құрауы тиіс.

Айта кетейік, түрлі колледждерге салынатын үш жатақхананың жалпы сыйымдылығы 612 орынды құрайды. Нысандарды салу үшін кемінде 1,8 млрд теңге қажет.

Бұл ретте инвестордың шығындарын кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқитын студенттер қатарынан мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен өтеу жоспарлануда. Атап айтқанда, МЖӘ шеңберінде салынған жатақханаға бір студентті орналастыруға жылына 308 мың теңгеге дейін бөлінуі мүмкін.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, 2018 жылы аймақта 2800 колледж және ЖОО студенті тұруын қамтамасыз ету үшін кемінде 8 заманауи жатақхана салу қажет.


Көзі: yunews.kz