Индустриялық сертификатты қалай алуға болады және ол не үшін қажет? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Индустриялық сертификатты қалай алуға болады және ол не үшін қажет?

444

Smiley face

Жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары индустриялық сертификат болған жағдайда ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінің өзгеруі күшіне енеді.

"Өзгерістерге сәйкес, "қарапайым заттар экономикасы" тауарларын сатып алуға тек білікті жеткізушілер тізіліміне енгізілген өндірушілер ғана қатыса алады. Тізілімге енгізудің жалғыз өлшемі "Атамекен" ҚР ҰКП беретін индустриялық сертификаттың болуы болмақ", - делінген "Атамекен" ҰКП сайтында.

Бірінші кезекте өзгерістер Жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты болады, олар үшін тауарларды сатып алу алдын ала біліктілік сұрыптаумен конкурс тәсілімен ғана жүзеге асырылады.

Индустриялық сертификаттың болуы кәсіпкерлерге бірқатар бәсекелестік артықшылықтарды береді:

  • Мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат;
  • "Самұрық-Қазына" холдингінің тауар өндірушілер тізіліміне енгізу;
  • "Самұрық-Қазына" қорының алдын ала біліктілік іріктеуінде жинаған балдарға 20% есептеу;
  • сыртқы нарықта отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша шығындарды өтеу.

"Сертификатты алу рәсімі екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде салалық қауымдастық ұсынған сарапшы кәсіпорын құжаттарының барлық жиынтығын алдын ала қарайды, содан кейін өндірістің жай-күйіне көшпелі талдау жүргізеді және нақты жай-күйін ұсынылған мәліметтермен салыстырады. Ол сол жерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мәлімделген номенклатурасын жүргізу мүмкіндігін бағалайды, тиісті біліктілігі бар қызметкерлердің санын, Өндірістік жабдықты, өндіріс технологиясын тексереді және нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дайындау мүмкіндігін куәландырады және мәлімделген өндірістік қуаттылықты растайды.

Екінші кезеңде салалық сарапшының қабылдаған шешімі негізінде "Атамекен" өңірлік палатасы жергілікті атқарушы органның қатысуымен өндірісті тексеруді жүзеге асырады, лицензияларды, рұқсаттарды, сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды, салық есептілігін, қауіпсіздік техникасының сақталуын тексереді, кәсіпорын персоналды оқытуды жүргізеді ме, сондай-ақ ұйымның мемлекеттік сыйлықтар мен гранттарға номинацияланды ма?

Осылайша, кәсіпорын кезең - кезеңмен контролдан өтіп, нәтижесінде отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілер тізіліміне енгізіледі", - деді "Атамекен" ҚР ҰКП өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Эльмира Оразова.


Көзі: yunews.kz