Қазақстандықтар Президентті сайлай бастады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтар Президентті сайлай бастады

444

Smiley face

"Нұр-Сұлтан қала уақытымен таңғы 7-дегі жағдай бойынша өңірлерден келіп түскен ақпарат бойынша 8023 учаске дауыс беруге кірісті. Дауыс беруге кіріскен 48 сайлау учаскесі 6 сағаттан бастап тиісті аумақтық сайлау комиссиялары қабылдаған шешімдерге сәйкес дауыс бере бастады. Осы учаскелердің тізіміне енгізілген сайлаушылар саны 9 млн 627 мың 73 сайлаушыны құрайды", - деді брифингте ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

8.00-де барлық 9967 сайлау учаскесі еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге кірісті.

"Шетелде 17 учаскеде, 15 елде: Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Сингапур, Таиланд, Индонезия, Қырғызстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан дауыс беруге кірісті. Осы учаскелердің тізіміне енгізілген сайлаушылар саны 11 млн. 947 мың 995 сайлаушыны құрайды.  Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларға берген дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 35 951 құрайды. Осы есептен шығару куәліктерімен бірге сайлаушы өзінің куәлігі мен есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде кез келген басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сондай-ақ, 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы ОСК ағымдағы жылғы 10 сәуірдегі қаулысына сәйкес ОСК-ға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 10-нан бастап әр екі сағат сайын сайлаушылардың келуі туралы мәліметтер ұсынылады", - деп атап өтті ОСК хатшысы Сабила Мұстафина


Көзі: yunews.kz