Нұр-Сұлтан қаласында митинг кезінде бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – ҚР Ішкі істер министрлігі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласында митинг кезінде бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – ҚР Ішкі істер министрлігі

444

Smiley face

«Нұр-Сұлтан қаласындағы рұқсат етілмеген митинг кезінде қарт адам жүрек талмасына түсті. Сол жерде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз еткен полиция қызметкерлері жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін шақыртып, олар келгенге дейін мұқтаж адамға алғашқы көмек көрсетті. Нәтижесінде ер адамды дәрігерлер өздерімен алып кетті. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезінде ер адамның қаза болуы туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Арнайы құралдар азаматтарға қатысты қолданылған жоқ. Ішкі істер министрлігі көрінеу жалған ақпаратты тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді. Аталған дерек бойынша кінәлі тұлғаларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда»,-деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

 


Көзі: Yunews.kz