ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың 18.00 сағатқа дейін келуі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың 18.00 сағатқа дейін келуі

444

Smiley face

«Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 9 маусымда сағат 18-дегі жағдай бойынша сайлаушылар тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 72,9% -ы сайлау бюллетеньдерін алды», - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясы барысында ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов. 

Оның айтуынша, Ақмола облысында сайлаушылардың 81% дауыс берген.

Сол сияқты,

Ақтөбе облысында – 84,1%,

Алматы облысында – 86,3%,

Атырау облысында – 71,1%,

Шығыс Қазақстан облысында – 77,2%,

Жамбыл облысында – 73,8%,

Батыс Қазақстан облысында – 66,2%,

Қарағанды облысында – 72,8%,

Қызылорда облысында – 69,1%,

Қостанай облысында – 81,1%,

Маңғыстау облысында – 65,7%,

Павлодар облысында – 73,1%,

Солтүстік Қазақстан облысында – 75,7%,

Түркістан облысында – 78,8%.

Елордада 63,7%, Алматыда – 49,2% Шымкентте – 63,6% дауыс берді.


Көзі: Yunews.kz