КРИШНА КЕНГАППА: «Бұзушылықтар анықталған жоқ» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

КРИШНА КЕНГАППА: «Бұзушылықтар анықталған жоқ»

444

Smiley face

ШЫҰ Бақылаушылар миссиясының өкілі  Кришна Кенгаппа Қарағанды, Шахтинск және Абай қалаларында болды

«Ешқандай өрескел бұзушылықтар анықталмады. Жергілікті сайлау комиссиялары бізге толығымен көмек көрсетті.Сайлауға және оларды өткізу тәртібіне қатысты барлық қажетті ақпаратты ұсынды. Біздің бақылаушылар Қазақстанның 8 қаласында, барлық өңірлерде жұмыс істеді. Сайлау учаскелеріндегі ахуал жақсы болды», - деп хабарлады Кришна Кенгаппа.

Кришна Кенгаппа Мемлекет басшысының үшінші сайлауына қатысты. Бұған дейін ол Ресей мен Түркия Президенттерінің сайлауын бақылады.

«Қазақстан ШЫҰ-да үлкен рөл атқарады. Бұл ұйымның жетекші елдерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, бұл сайлау өте маңызды. Қазақстан тез дамып келе жатқан мемлекет. Нұрсұлтан Назарбаев өз уақытында таңдаған қадамдар мен бағыттар өз нәтижесін береді», - деп атап өтті бақылаушы.


Көзі: Yunews.kz