Мен «жеңіс» сөзін қабылдамаймын – Тоқаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мен «жеңіс» сөзін қабылдамаймын – Тоқаев

444

Smiley face

Ақордадағы шетелдік және қазақстандық журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше минут бұрын Ресей президенті Владимир Путиннің оған телефон шалып, сайлаудың аяқталуымен құттықтағанын мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзін сайлаудағы жеңісімен құттықтаған Орталық Азия аймағы бойынша өз әріптестеріне - бірқатар мемлекет басшыларына ризашылығын білдірді.

«Жеңіс» сөзін қабылдамаймын, өйткені жеңіс көбінесе әскери қақтығыстарға қатысты.

Бұл жерде сайлаушылар тарапынан маған деген қарым-қатынас болды. Осыдан бірнеше минут бұрын баспасөз конференциясының алдында маған Владимир Владимирович Путин телефон шалып, сайлаудың аяқталуымен құттықтады» ,- деп хабарлады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Көзі: yunews.kz