Қостанай облысында қолдан ақша жасаушылар ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысында қолдан ақша жасаушылар ұсталды

444

Smiley face

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері күрделі оперативті жұмыстың нәтижесінде облыс аумағында жалған валютаны сатқан тұлғалар тобын анықтады. Күдіктілерді ұстау кезінде 223 мың Ресей рублі және 8 миллион теңгеден астам қаржы тәркіленді.

Күштік құрылымдар өкілдерінің мәліметтеріне сәйкес, бұрын олар сараптама қорытындысына сәйкес жалған болып шыққан 19 500 еуроны сатып үлгерген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) және 231-бабының 2-бөлігі (жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қостанай қаласының соты ұсталған адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

 


Көзі: Yunews.kz