Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ірі имидждік жобалар шығыстарынан бас тартуымыз керек» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ірі имидждік жобалар шығыстарынан бас тартуымыз керек»

444

Smiley face

«Қазір шешімін таппаған проблемалар бар, мен әділ әлеуметтік саясат туралы кездейсоқ айтқан жоқпын.  Олар шешілетін болады. Мұнда тәсілдердің өте нәзік күрделі балансы бар екенін ескеру керек. Бір жағынан, қаржыны Қазақстанның дамуына бағыттауымыз қажет. Біз бюджетке түсетін табысты адамдар арасында тиісті көңіл-күй тудыра отырып, жай ғана тарата алмаймыз. Біз еңбек жағдайын қалыптастыруымыз керек. Ең алдымен Үкімет пен Парламентті қоса алғанда, мемлекет басшылығының міндеті - бұл өнімді және тиімді еңбек үшін ең қажетті жағдайлар жасау. Біз ел экономикасына шетелдік немесе ішкі инвестициялар болсын, инвестицияларды тартумен айналысуымыз керек. Іркіліске жол бермеу қажет. Экономика дамуы үшін жұмыс істеу керек, сонда біз бізді осы проблемалардан шыға аламыз. Алайда, бұл проблемалар әмбебап сипатқа ие, қазір әлемде жағдай күрделі. Қазақстан да осы ортақ әлемнің бір бөлшегі болып табылады. Өздеріңіз білесіздер, әлемде қазір турбуленттілік, тұрақсыздық соншалықты үлкен, бұл тұрақсыздық Қазақстан экономикасына да әсер етеді, біз әлемдік экономиканың бір бөлігіміз. Міндет өте күрделі, соның ішінде бюджетті қайта қалыптастыру міндеті де бар. Біз ірі имидждік жобаларға жұмсалатын шығындардан бас тартуымыз керек, қаражат жұмсалады, бірақ әлеуметтік мәселелер менің басты назарымда болады деп сендіремін», - деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Көзі: Yunews.kz