Рим түбіндегі шағын қалада болған газ жарылысынан тоғыз адам зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Рим түбіндегі шағын қалада болған газ жарылысынан тоғыз адам зардап шекті

444

Smiley face

Дүйсенбі күні Рим түбіндегі Рокка-ди-Папа муниципалитеті қалашығының ғимаратында болған газ жарылысынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.

Жарылыстың себебі құрылыс жұмыстары болды, нәтижесінде ғимараттың газ жүйесі бұзылған. Айта кету керек, жұмысшылар бүлінген құбырларды өз бетімен жөндеуге сәтсіз тырысты. Жарылыстан Рокка-ди-Папа мэріЭмануэле Крестини, сондай-ақ муниципалитеттің ғимаратының жанында балабақшадағы бірнеше кәмелетке толмаған балалар зардап шекті. Жарақат алған бір бала «Бамбин Джезу» астаналық педиатриялық клиникаға асығыс жеткізілді.

Қауіпсіздік мақсатында өрт сөндірушілер муниципалитетімен көршілес бірнеше ғимаратты эвакуациялады. Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаның барлық мән-жайларын тергеуді бастады.


Көзі: Yunews.kz