Атырауда кенттердің бірінде трансформаторы бар барлық электр сымдарын ұрлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда кенттердің бірінде трансформаторы бар барлық электр сымдарын ұрлап кетті

444

Smiley faceФото әкімдік баспасөз қызметінен

Инженерлік коммуникациялардың жоқтығынан Зарослый тұрғын алабының тұрғындары бірнеше жылдан бері жаңа үйлерге қоныстана алмауда,деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Зарослый тұрғын алабында 120-ға жуық құрылыс бар. Көптеген жергілікті тұрғындар толыққанды тұрғын үй салып үлгерді, алайда, қоныс тойын әлі күнге дейін еңсере алмайды.

"2014 жылы елді мекенде электр беру желілері орнатылды, алайда бейтаныс адамдар барлық электр сымдарын, күш беретін кабельдерді және трансформаторлық жабдықтарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта жауапты органдар тұтас тұрғын үй массивін токтан ажыратқан ұрлаушыларды іздестірумен айналысады", - деді Атырау ауылдық округінің әкімі Әділтұрақпай Құмаров.

Smiley faceФото әкімдік баспасөз қызметінен

Атырау облысының әкімі Әлмұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасы бойынша Зарослый тұрғын алабында көшпелі кеңес өткізіп, ондағы жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ауылдықтардың айтуынша, елді мекенде жарық жоқ болғандықтан, көптеген үйлер түнде салынған құрылыстарға кірген ұрылар мен тонаушылардың сүйікті орны болды.

Атырау қаласының әкімі жиналғандарға айтып өткендей, осы елді мекенде электр қуатының болмауы мәселесі жақын арада өз шешімін табады.

"Маусым айында қалалық мәслихаттың сессиясында біз электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды қалпына келтіруге ЖСҚ әзірлеуді қаржыландыру туралы ұсыныс енгіземіз. Осы уақытқа дейін уақытша, демеушілік қаражат есебінен мұнда 250 Вт қуаты бар трансформаторлық қосалқы станция орнатылады, сондай - ақ адамдар осында тұрақты мекен-жайға көшуі үшін тұрғын үйлерге дейін сымдар тартылады", - деді қала басшысы.

Электр қуатының болмауы проблемасын шешумен қатар, елді мекенді газдандыру және сумен жабдықтау мәселесі шешілетін болады. Алапқа коммуникация жүргізілген, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Атырау филиалы мен "Атырау Су Арнасы"КМК-ның күшімен орын алған ақауларды жою ғана қалды.

Smiley faceФото әкімдік баспасөз қызметінен

"Зарослый массиві тұрғындарының проблемалары қысқа мерзімде шешілуі тиіс: жарық, газ және сумен жабдықтау жоспар бойынша осы ай ішінде үйге берілуі тиіс. Біз бірнеше жыл бойы қоныс аударуда қиындықтарға тап болған адамдардың барынша жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасауға міндеттіміз", - деді Әлмұхаммед Құттұмұратұлы қол астындағыларға.


Көзі: yunews.kz


  • Вадим М.

  • 2019-06-11 11:48:09

Украли кабель и трансформатор, это прям, как в 90е. И с 2014 года ищут. И что, пока не найдут, то новый кабель вешать не будут? "Молодцы"! А жителям теперь, что делать?