ШҚО тұрғынының жартылай жанып кеткен мәйіті жолға жақын жерде табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО тұрғынының жартылай жанып кеткен мәйіті жолға жақын жерде табылды

444

Smiley face

Шығыс қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 мамырда Шемонаиха ауданының полиция бөліміне өз 28 жастағы ұлының үйден кетіп, қайтып оралмағандығы туралы жергілікті тұрғын арызданған. Әйел екі тәулік бойы байланысқа шықпайтынын айтты. Келесі күні аудан орталығының аулаларының бірінде полиция қызметкерлері іздестірілушінің автокөлігін тапты.

"Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, облыстың барлық жеке құрамына бағытталған. Іздестіру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы өңір тұрғындарына жеткізілді. Бірақ іздеу шаралары оң нәтиже берген жоқ",-деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері іздеу салынған адамның қаза болғанын анықтады. Жартылай жанып кеткен ер адамның мәйіті РФ шекарасына қарай трассадан 2-3 шақырым қашықтықта табылды. Сараптама көрсеткендей, ер адамның өлімі кесетін жарақаттан келген.

"Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады, оған қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.


Көзі: yunews.kz