СМС бойынша тіркелу - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СМС бойынша тіркелу

444

Smiley face

Енді Қазақстанда SMS арқылы баланың туу туралы куәлігін, бала туу бойынша жәрдемақыны және бала бақшаға кезекті ресімдеуге ғана емес, сондай-ақ баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеуге де болады. Жаңа туған нәрестені тіркеу қызметі жыл басынан бері жұмыс істейді және мобильдік азаматтар базасында тіркелген ата-аналарға қолжетімді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет"КЕАҚ сайты.

Баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұсынысы бар SMS туу туралы куәлік ресімделгеннен кейін, яғни бала туғаннан кейін 2 апта ішінде келеді.

1,5 жыл ішінде 70 мыңнан астам жаңа туған бала проактивті әдіспен туу туралы куәлікті алды.  Бала тууына байланысты жәрдемақыға 13 мыңнан астам өтініш SMS арқылы ресімделді және 13 мыңнан астам бала балабақшаға кезекке белсенді қойылды.


Көзі: yunews.kz


  • Вадим М.

  • 2019-06-11 15:44:17

Цифровизация семимильными шагами входит в нашу жизнь. Это однозначно положительная тенденция!