50 долларға – қол гранатасы! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

50 долларға – қол гранатасы!

444

Smiley face

Ақтөбеде қару сату үшін ақша табуға тырысқан екі ер адам сотталды.

Олар 50 АҚШ долларына «Калашников» автоматын, 40 мм калибрлі гранатометке гранаталар, РГД-5 қол гранаталары және «лимонка» деп аталатын гранаттар сатып алуды ұсынған екі жұмыссыз азамат болып шықты.

Іс материалдарына сәйкес, оларға тауарды Алматы қаласының тергеуінде анықталмаған тұлғалар жеткізген. Сол жерде олар жоғарыда көрсетілген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алып, содан кейін оларды Ақтөбеге жеткізген.

Ақтөбеде сотталушылардың бірі техникалық қызмет көрсету станциясына клиент ретінде барған соң, жұмысшылардың біріне гранат ұсына бастаған. Ол қорқып кетеді, бірақ келіседі. Сатушы кетіп қалған соң, ер адам күдікті дерек туралы тиісті органдарға хабарлаған.

Кейін ол азамттардан бір миллионнан аса теңгеге осы қаруларды сатып алу кезінде, олар қолға түскен. Сотта ер адамдар өз кінәсін толық мойындады, тергеумен анықталмаған тұлғамен кездейсоқ кездесіп, оларға күмәнді тауар ұсынған және жасаған істеріне өкінгенін атап өтті.

Ақтөбе қаласының №2 соты тергеу материалдарын мұқият зерделеп, ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігінде («қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, олардың әрқайсысын үш жылға орташа қауіпсіздік колониясында қамау жазасына кесті.

Сондай-ақ, олардан гранаталар, басқа да қару-жарақтар мен автокөлік мемлекет пайдасына алынды. Бұдан басқа, олар 48 100 теңге төлем төлеуге міндетті.


Көзі: yunews.kz