Мас мұғалімдер жасөспірімдерге тиіскен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мас мұғалімдер жасөспірімдерге тиіскен

444

Smiley face

Екі ер адамның жасөспірімнің ата-анасымен қақтығыс жасағаны туралы түсірілген бейнекөрініс әлеуметтік желілерде таратылып кеткен. Белгілі болғандай, қақтығыс бастамашылары – ішімдік ішкен мұғалімдер демалыста жүрген, деп хабарлады inAlmaty.kz.

Мұғалімдер, олардың бірі – оқу ісінің меңгерушісі, Алатау ауданы «Қарасу» шағын ауданындағы №160 мектепте жұмыс істейді. Мектепте жанжал дерегі расталды, оқиға екі мұғалім де демалыста болған кезде мектеп аумағынан тыс жерде орын алған.

«2019 жылдың 10 маусымында бірнеше бала мектеп жанында жүрді. Содан кейін мас күйде екі ер адам пайда болып, балаларға тиісе бастады. Мопедтерді тепкілеп, балалардың өздеріне тиісіп, біреуін тіпті бетінен ұрады. Балалар ата-аналарды көмекке шақырған. Кейінірек анықталғандай, бұл ер адамдар - Алатау ауданындағы №160 мектептің қызметкерлері. Футболкада – дене шынықтыру мұғалімі, ал костюмде – оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші», - делінген әлеуметтік желілердегі роликке түсініктемеде.

«Бұл азаматтар біздің мектептің қызметкерлері, оқу ісінің меңгерушісі Имағамбетов пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талихов. Олар еңбек демалысында. Мен олардың мінез-құлқына қарсы емеспін. Қазір олар демалыста болғандықтан, мен қандай да бір шаралар қабылдай алмаймын. Мұғалімдердің еңбек демалысы ұзақтығы 56 күн, шілде айының соңында жұмысқа шығады. Сол кезде заң аясында барлық мәселелерді қарастыратын боламыз», - деді мектеп директоры Гүлнара Даулетова.

Полицияға бұл іс туралы арыз түсті, деп хабарлады аудандық полиция басқармасының баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz