Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттік «Даму тарихы: іштен көзқарас» халықаралық конференциясына қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттік «Даму тарихы: іштен көзқарас» халықаралық конференциясына қатысты

444

Smiley face

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ұйымдастырған «Даму тарихы: іштен көзқарас» атты 10-шы халықаралық конференцияда құттықтау сөз сөйледі.

Халықаралық диалогтық алаң 15 елдің ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктірді. Іс-шараны аша отырып, Агенттік өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның ерекше рөлін атап өтті. Бұл мәселе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жеке көрсетілгеніне назар аударды.

О. Бектеновтың айтуынша, Агенттік бүгінде азаматтық қоғамның бастамасын белсенді түрде жүзеге асырып, осы жұмысты жалғастыруға дайын. Конференция аясында Агенттіктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту мәселелері бойынша екіжақты кездесулер өтті.

USAID Орталық Азиядағы аймақтық миссиясы директорының орынбасары Джули Саутфилд Агенттіктің үкіметтік емес секторды дамыту бойынша түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы бастамасын ерекше ықыласпен қарсы алды. «Роза Отынбаева бастамасы» халықаралық қоғамдық қорының құрылтайшысы, Қырғыз Республикасының экс-президенті Роза Отынбаева мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңестердің әлеуетін кеңінен пайдаланудың, сондай-ақ журналистік сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу институтын белсенді дамытудың маңыздылығын атап өтті.


Көзі: Yunews.kz