Бразилия сенаторлары Қазақстандағы Президент сайлауының өткізілуіне жоғары баға берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бразилия сенаторлары Қазақстандағы Президент сайлауының өткізілуіне жоғары баға берді

444

Smiley face

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Бразилия Федеративтік Республикасының ұлттық конгресінің сенаторлары Франсиско де Ассис Родригеспен және Жакес Вагнермен кездесу өткізді.        

Кездесу барысында тараптар Қазақстан - Бразилия екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқылады. Бразилия Сенатындағы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың жетекшісі                 Ф. де Ассис Родригес Қазақстанмен бірлесе отырып, қарым-қатынасты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және маңызды халықаралық бастамаларды ілгерілетуге дайын екенін айтты.

ҚР СІМ ақпараты бойынша, ведомство басшысы парламентаралық дипломатияның қарым-қатынастарды дамыту контексінде маңыздылығын атап өтіп, Бразилия Латын Америкасындағы Қазақстанның басты сауда әріптесі екенін ескере отырып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге белсенді түрде жәрдемдесуге шақырды. Министр атап өткендей, өткен жылы Қазақстанның Бразилиямен екіжақты тауар айналымы 150 миллион АҚШ долларынан асты және бұл көрсеткіш дамудың маңызды перспективасына ие болып отыр.

 


Көзі: Yunews.kz