Қазақстан Женевадағы сауда стандарттары бойынша есеп берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Женевадағы сауда стандарттары бойынша есеп берді

444

Smiley face

 2019 жылғы 28-29 мамырда Женева қаласында (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының әлеуетті және сауда стандарттары жөніндегі Басқарушы комитетінің 5-ші сессиясы өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігінің делегациялары қатысты.

Қазақстандық делегация саудадағы реттеушілік және рәсімдік кедергілерді зерттеу қорытындылары бойынша ұсыныстарға сәйкес Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған жұмыс туралы есепті ұсынды.

Сессияда БҰҰ ЕЭК сауда және стандарттар мәселелері бойынша ағымдағы қызметінің мәселелері, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруға мүмкін болатын үлес, Басқарушы комитеттің 4-ші сессиясы кезінде қабылданған шешімдердің орындалу барысы талқыланды.

Сондай-ақ, БҰҰ ЕЭК Армения мен Молдовада саудаға арналған нормативтік және рәсімдік кедергілер туралы зерттеулері қаралды.


Көзі: yunews.kz