Ақтауда жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті

444

Smiley face

Жол апаты кеше, 11 маусым күні, 16 шағын ауданның жолында кафеге қарама-қарсы жерде орын алған. "ПАЗ" жолаушылар автобусы кешкі сағат 9-да жанып кетті. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 15 минуттан кейін жойылды.

- Оқиға орнында екі өрт сөндіру арнайы техникасы мен жеке құрамның сегіз адамы жұмыс істеді. Автобус толығымен жанып кетті, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Smiley face


Көзі: yunews.kz