Қазақстанда екі ірі аурухана салынады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда екі ірі аурухана салынады

444

Smiley face

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов және "YDA Holding" түрік компаниясының басқарма төрағасы А. Хусейн Петропавл қаласындағы кеңес беру-диагностикалық орталығы бар 500 төсектік көп бейінді облыстық аурухана құрылысының жобасы бойынша құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, "BI-Holding" компаниялар консорциумының Бақылау кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев және "YDA Holding" түрік компаниясының басқарма төрағасы А. Хусейн 610 төсектік көп бейінді облыстық медициналық орталық құрылысының жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Құрылыс 2022 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің сайты.

Екі медициналық нысанның құрылысына және жарақтандыруға тартылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Бұл жобалар Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалы жоспарлары шеңберінде іске асырылатынын атап өткен жөн.


Көзі: yunews.kz