Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері өкілеттіліктен тұрады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері өкілеттіліктен тұрады

444

Smiley face

"Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдерінің өкілеттіктерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Президент сайтында.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшылары жаңа басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болады.

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 - бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде", - деп түсіндіреді Ақорданың баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz