Қарағандылық паралимпиадашылар жүзуден Әлем кубогында 17 медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылық паралимпиадашылар жүзуден Әлем кубогында 17 медаль жеңіп алды

444

Smiley face

Қарағандылық паралимпиадашылар Берлинде жүзуден Әлем кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Облыс атынан ұлттық құрама сапында үш спортшы өнер көрсетті: Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев және Әлия Рахимбекова. Олар 17 медальға ие болды:бес алтын, төрт күміс және сегіз қола, деп хабарлайды Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Біріншілікке 65 елден көру органдарының тірек-қимыл аппараты зақымданған 500-ден астам спортшы қатысты.

Наталья Звягинцева қазақстандық құраманың қоржынын 12 медальмен толықтырды, оның ішінде төрт алтын. Қарағандылық спортшы аралас эстафетада және 50, 100 және 200 метр қашықтықта жүзуде үздік атанды.

Әлия Рахымбекова эстафетада алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Андрей Афанасьев 50 метр қашықтықта брасспен жүзуде екінші орынды және аралас эстафетада үшінші орынды иеленді.

Спортшылар ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Манохина, Инги Горбатова, Евгения Ракитинаның басшылығымен шұғылданады.


Көзі: yunews.kz