Елорданың полиция қызметшілері IT саласында 15 қылмыстық бұзушылықтарды ашты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорданың полиция қызметшілері IT саласында 15 қылмыстық бұзушылықтарды ашты

444

Smiley face

«Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-сұлтан полицейлері IT саласында 15 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

Тәртіп бұзушылықтар интернет-алаяқтық және электронды шоттардан ұрлық фактілеріне қатысты, деп хабарлайды елорда полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

«Қостанай қаласының 33 жасар тұрғыны қаржы ұйымдарына қатысы жоқ, Интернетте несие беру немесе несие тарихын жақсарту туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Алаяқ сайт пайдаланушыларымен бөтен тұлғалардың атынан жалған шарттар жасаған. Содан кейін сақтандыру қызметтері сылтауымен қайтыс болған адамға тіркелген банк картасына алдын ала төлем жасауды сұраған. Алдын ала төлем алғаннан кейін хабарландыруларды алып тастаған және телефондарын өшірген. Полиция қызметкерлері оның ізіне шығып, қолға түсірді»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта 20-дан астам эпизод бойынша тергеу жүргізілуде, ал күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сонымен қатар, Алматыда және Қостанайда тұратын, ғаламторда алаяқтық жасаған бірнеше адам ұсталды.


Көзі: yunews.kz