Алматы облысында алты жастағы балаға тиіспекші болған педофил ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында алты жастағы балаға тиіспекші болған педофил ұсталды

444

Smiley face

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 11 маусымда Алакөл ауданының бір ауылында орын алған.

25 жастағы ер адам дәрілік шөптер жинау сылтауымен алты жасар қызды ауылдың сыртына алдап алып шыққан да, киімін шеше бастаған. Бақытқа орай, жергілікті тұрғындардың бірі қыз баланың жылған даусын естіп, көмеккке ұмтылған. Ол педофилді ұстап алып, полиция қызметшілері келгенше жібермей отырған.

«Қазіргі уақытта күдікті Алакөл аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жас баланы зорлауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды,-деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары баланы құтқарған ер адамды марапаттауды жоспарлап отырғанын атап өтті.


Көзі: yunews.kz