Мектеп бітіру кештерінде түлектерді полиция қызметшілері қадағалайтын болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мектеп бітіру кештерінде түлектерді полиция қызметшілері қадағалайтын болады

444

Smiley face

Мектеп бітіру кештерінде түлектерді полиция қызметшілері қадағалайтын болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Мұндай шаралар 12-21 маусым аралығында елорданың барлық жалпы білім беретін мектептерінде қабылданады.

Полиция қызметкерлерімен іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Әр білім беру ұйымына Департаменттің полиция қызметкерлері бекітілген.

Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, тікелей бітіру кештерінде, мереке өткізу жоспарланып отырған орындардың жанында патрульдік қызмет нарядтары кезекшілік етеді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті 400 полиция мен 40 автопатруль жүзеге асыратын болады.

Бұдан бұрын полицейлер оқу орындарының оқытушылар құрамымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы айтты.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді (ҚР ӘҚБК 442-бабы 1-бөлімі, 2-бөлімі, 3-бөлімі бойынша «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болуы» ескертуден 15 АЕК-ке дейін).


Көзі: yunews.kz