Сенаторлар Кәрім Мәсімовты ҰҚК Төрағасы етіп тағайындауға келісім берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сенаторлар Кәрім Мәсімовты ҰҚК Төрағасы етіп тағайындауға келісім берді

444

Smiley face

12 маусымда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті. Онда депутаттар Кәрім Мәсімовті Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы етіп тағайындауға келісім берді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 ҰҚК Төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Кәрім Мәсімов барлық жұмыс учаскелерінде өзін принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адал көрсете білді», - деп атап өтті.

Бұл ұсыныс үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді.


Көзі: Yunews.kz