Өлтіруге болмайды рақымшылық жасау керек - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өлтіруге болмайды рақымшылық жасау керек

444

Smiley face

Ауыл шаруашылығымен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер заңнаманың жетілдірілмеуінен зардап шегуде. Себебі, екі нормативтік-құқықтық актілерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу бойынша аукционға қатысуға өтінім беру мәселесі туындады. Осылайша, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру Ережелерінде міндетті шарт — ҚР Жер кодексінде жоқ банктік кепілдіктің болуы көрсетілген, деп хабарлайды "Атамекен"ҰКП баспасөз қызметі.

Көптеген ірі емес кәсіпкерлер үшін бұл талап орындалмайды, өйткені олардың жеткілікті кепіл мүлкі жоқ. "Атамекен" ҚР ҰКП бұл мәселені орталық деңгейде көтеріп, ҚР Жер кодексіне қайшы келетін талаптарды алып тастау бөлігінде ережелерге өзгерістер енгізуге бастамашылық етті.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрық жобасы орналастырылды. Кәсіпкерлерді толғандырған мәселені талқылауға белсенді қатысуды сұрайды.


Көзі: yunews.kz