Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді

444

Smiley face

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін бақылау күшейтілгенін хабарлады.

Кейбір заңнамалық актілерге барлық дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу, дәрі-дәрмектерді рецептпен босату жөніндегі шараларды күшейту және жалған дәрі-дәрмектермен күрес мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.

Бұл азаматтар үшін сапалы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, ал бағаны реттеуді енгізу республиканың барлық өңірлерінде бірыңғай баға саясатына әкеледі, деп мәлімдеді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Л. Бюрабекова

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанда рецептуралық дәрілердің 50% - дан астамы дәрігердің тағайындауынсыз сатылады және 10% - ға жуығы жалған болып табылады. Препараттардың рецептісіз босатылуын бақылау шаралары дәрілерді бақылаусыз қолдануға жол бермеу үшін күшейтіледі. Өйткені бұл азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Қазақстан дәріханаларында дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмектерді сату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы болып табылмайды және бұл тыйым 15 жылдан астам уақыт бойы әрекет етеді.

Дәрігердің рецептісіз босатылатын препараттардың тізбесімен Министрліктің интернет-ресурстарында танысуға болады. 

Сонымен қатар, DariKz мобильді қосымшасының көмегімен барлық тіркелген дәрілік заттар, белгіленген шекті бағалар (бұл функция шілдеде пайда болады), дәріханалардан босату шарттары туралы ақпарат алуға болады, сондай-ақ қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады. 

Дәріханада рецептер жазып беру және дәрі-дәрмек алу рәсімдерін жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап Министрліктің ақпараттық жүйелеріндегі жұмыстың толық электрондық форматына көшу жоспарлануда. "Қағазсыз ауруханаларға" көшу шеңберінде жекелеген өңірлерге (Қарағанды, Атырау) рецепт жазу бойынша электрондық форматқа көшті.

Ішкі нарықтағы фальсификаттарды және дәрілердің айналымын бақылаудың тиімді жүйелі шараларының бірі фармаконадзор жүйесі немесе "сары карталарды"жинау болып табылады. Бұл жүйе АҚШ пен Еуропалық Одақтың халықаралық және жетекші реттеуші органдары мойындаған.

Ағымдағы кезеңде карталардың деректерін талдау мен бағалауды дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы Комитетке тіркеу куәлігін кері қайтарып алу немесе препараттың қайта бағалануы мен қауіпсіздігін жүргізгенге дейін оның қолданылуын тоқтата тұру сияқты шараларды қабылдау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып жүргізеді. Сонымен, 5 ай ішінде 18 препаратты кері қайтарып алу және өткізуді тоқтату туралы шешім қабылданды, сондай-ақ 43 препараттың жаңа анықталған жанама әсерінің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілгенге дейін іске асыру тоқтатылды.

Л. Бюрабекова атап өткендей, дәрі-дәрмектерді рецептуралық босату және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат алу үшін Call-орталығы іске қосылды. Call-орталыққа 1439 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады. Бұл нөмір қалалық және ұялы телефондар үшін де қолжетімді. Қоңыраулар еліміздің кез келген нүктесінен тегін қабылданады.

Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату және рецептісіз босату үшін әкімшілік жаза қарастырылған.


Көзі: yunews.kz