Ұлттық бюро сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке айналады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық бюро сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке айналады

444

Smiley face

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы"Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

Жарлыққа сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгертілді. Бұл ведомство мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) айналады. Бұл мемлекеттік орган тікелей ҚР Президентіне бағынатын болады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) - сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Көзі: yunews.kz