Қазақстанда «Айбын» жастар жиыны әскери-патриоттық шара өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда «Айбын» жастар жиыны әскери-патриоттық шара өтеді

444

 Smiley face

Жыл аясында Қарағанды облысында "Спасск" оқу орталығының полигоны базасында ағымдағы жылдың 17-22 маусым аралығында бесінші республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын жұмысына еліміздің он жеті өңірінің әскери-патриоттық клубтарының, ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде құрылған әскери-патриоттық клубтардың, ІІМ Ұлттық гвардиясының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, "Жас ұлан" республикалық мектептерінің және облыстық мектеп-интернаттарының 600-ден астам тәрбиеленушісі қатысады.

Smiley face

Жиын барысында қатысушылармен "IQ – Qazaqstan", "Айбын дарыны", "Айбын дауысы", "Мой робот", "Айбын жалын" байқаулары, сабақтар, қызықты тұлғалармен кездесулер және мәдени-сауық іс-шаралары өткізіледі. Сондай-ақ, балаларды әскери техника мен іздестіру топтарының экспонаттары көрмесі, әскери-далалық тактикалық ойын, сонымен қатар әскери-қолданбалы спорт түрлері мен жауынгерлік дайындық пәндері бойынша жарыстар өтеді. Ұлттық спорт түрлері бойынша: тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас және т.б. жарыстар өткізіледі.

Іс-шараны сапалы өткізу мақсатында жиын өткізілетін жерде қажетті инфрақұрылымы бар далалық лагерь жабдықталған, онда балаларға барлық жағдай жасалған: тұруға арналған орындар, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері, медициналық пункт, себезгі бөлмесі, далалық монша, интернет-класс, асханалар, дүкен және т. б.

Smiley face

Сондай-ақ, дала сахнасы орнатылды, "Айбын достық мекені" Достық аллеясы, "Жастар алаңы" демалыс орталығы, "Дерево желания", сабақ өткізуге арналған оқу орындары және басқа да объектілер салынды.

Жиын соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Ерекше көзге түскен қатысушылар мен үздік клубтар грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Жиынды өткізу жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіруге және әскери-патриоттық жұмыспен қамтылған елдегі жастар санын арттыруға ықпал ететін болады. Ал қатысушылар әскери күндерге дайындалудың бірегей мектебін өтеді, Қазақстан армиясының әскери техникасы мен қару-жарағының заманауи үлгілерін көреді, өз күштері мен мүмкіндіктерін сезінеді, сондай-ақ жаңа достар мен пікірлестер алады.


Көзі: yunews.kz