Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына айыппұл салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына айыппұл салынды

444

Smiley face

Алматы қ.сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті Алматы қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Г. Абуеваға қатысты шетелдік жұмыс күшін тартуға заңсыз рұқсат беру және адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша А. Захановпен, С. Карасевпен және М. Дюсенбиновпен заңсыз көші-қон ұйымдастыру жолымен қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп ҚР МҚІСҚА баспасөз қызметі хабарлайды.

Медеу ауданының №2 сотының үкімімен Абуев мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қылмыскерлер заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, сотталған: Заханов А. - 1 жылға 22 күнге бас бостандығын шектеу; Карасев С. және Дюсенбинов М.-680 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталғандарға ауыр қылмыс жасағаны үшін айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.


Көзі: yunews.kz