Борышкерлер енді кепілге салынған мүлікті өздері сата алады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Борышкерлер енді кепілге салынған мүлікті өздері сата алады

444

Smiley face

Халықпен есептік кездесуде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР ӘМ әзірлеген бірқатар заңдар туралы айтып берді.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын, төрелікті қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қатыстылығы бірінші кезекте жеке және заңды тұлғалардың меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Мәселен, Заңға сәйкес, енді мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою кезінде өтелетін соманың мөлшері жер учаскесін нарықтық бағалау негізінде анықталатын болады.

Тағы бір норма борышкерге кепілге салынған жылжымайтын мүлікті үш ай мерзім ішінде өз бетінше сатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ балаларды асырауға алименттік төлемдер үшін ашылатын арнайы шоттардағы қаражатты өндіріп алуға тыйым салынды.

Тағы бір шектеу қарыз алушы-борышкердің банктік шотынан оның берешегін төлеу есебіне ақша алуға қатысты енгізілді. Енді банктік шотта айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең сома қалуы тиіс.

Тағы бір маңызды өзгеріс - мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылданғанға дейін қылмыстық процестің әрбір сатысында оның қылмыстық шығу тегі фактісін анықтау қажет болады.


Көзі: yunews.kz