Жаһандық деңгейде өзара сенімді арттыру мәселесі өзекті болып отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаһандық деңгейде өзара сенімді арттыру мәселесі өзекті болып отыр

444

Smiley face

Стокгольмде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы халықаралық бастамалары таныстырылды.

Швед үкіметі ұйымдастырған іс-шараға Германия, Иордания, Норвегия, Финляндия, Швеция және Жапония сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және Аргентина, Индонезия, Испания, Канада, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы, Швейцария және Эфиопия жоғары саяси деңгейдегі басқа да өкілдер қатысты. Қазақстан атынан Швециядағы Елші Қайрат Әбдірахманов қатысты.

Іс-шарада Қазақстандағы сайлау қорытындылары, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сенім шараларын нығайту және кейбір елдер арасындағы, сондай-ақ жаһандық деңгейде өзара сенімді арттыру мәселесі талқыланды.

Қайрат Әбдірахманов іс-шараға қатысушыларды Қазақстан БҰҰ қарусыздану мәселелері жөніндегі Басқармасымен бірлесіп 2019 жылғы 28-29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастыратын барлық ядросыз аймақтар өкілдерінің қатысуымен өтетін семинарға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы ЯҚТШ Шолу конференциясының табысқа жету және ядролық қарудан азат әлем құру үшін әлемдік қауымдастықпен одан әрі бірлескен жұмыс істеуге бейілділігін растады.


Көзі: yunews.kz