Қазақстанда «Дала қыраны-2019» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда «Дала қыраны-2019» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы өтеді

444

Smiley face

Алматы облысының "Іле" және "Шелекемір" оқу орталығы базасында 17-28 маусым аралығында "Дала қыраны-2019" халықаралық бітімгершілік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты командирлердің және көп ұлтты штабтардың бітімгершілік операцияларын ұйымдастыруда практикалық дағдыларын жетілдіру, шетелдік бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру, алға қойылған міндеттерді пысықтаумен бітімгершілік операциялары барысында бөлімшелерді басқару болып табылады.

Smiley face

Қазақстандық бітімгершілік полкінің жеке құрамы оқу – жаттығуды өткізуге белсенді дайындалуда-штаб пен бітімгершілік базалары өрістеп, сабақтарда нұсқамадан өтеді. Оқу-жаттығу аясында қазақстандық бітімгерлер блок-бекеттерде қызмет атқару, VIP-адамдар мен гуманитарлық жүктерді алып жүру және айдауылдау, жергілікті жерлерде және елді мекендерде патрульдеу, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша міндеттерді пысықтайды.

Smiley face

Естеріңізге сала кетейік, "Дала қыраны" оқу-жаттығуы 2003 жылдан бастау алады. Жыл сайын оқуға шет мемлекеттерден әскери бақылаушылар, Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус тартылады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz