ШҚО полицейлері браконьерлерден бір тоннаға жуық балық тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО полицейлері браконьерлерден бір тоннаға жуық балық тәркіледі

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 сәуірден 31 мамырға дейін "уылдырық шашу" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Осы уақыт ішінде полицейлер 365 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 355 - і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз балық аулау нәтижесінде мемлекетке 1 688 445 теңге залал келтірілген.

"Уылдырық шашу кезінде браконьерлерден 947 кг балық, 5 мың метр желі және 55 қылмыс құралы тәркіленді. Мысалы, рейдтік іс - шаралар барысында "Волчий мыс" учаскесінде Тарбағатай ауданының тұрғыны ұсталды, ол өзінің "Прогресс 2" маркалы қайығында Зайсан көлінде заңсыз балық аулаумен айналысқан",-деп нақтылады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері ұсталған қайықтан, балық аулау керек-жарақтары мен заңсыз ауланған жалпы сомасы 449 933 теңгеге балық тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігі "балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау"бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz