Қарағандылық шахтерлер пара беруден бас тартты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылық шахтерлер пара беруден бас тартты

444

Smiley face

Қарағанды облысындағы «Шахтинская» шахтасының 20-дан астам кеншісі басшыларын ақша бопсалады деп айыптап отыр.

Ұжымдық келісімшартқа сәйкес, жер астында жасаған ауыр еңбектері үшін оларға қосымша үстемақы төленуі тиіс екен. Алайда, учаске басшысы ол қаржының тең жартысын өз қалтасына басқанға ұқсайды.

Жеті қат жер астында ең қауіпті жұмысты атқаратын кеншілер жалақыдан бөлек, айлықтың 30 пайызы мөлшерінде үстемақы алып келген. Айтуларынша, бұл ұжымдық келісімшартта қаралған екен. Алайда маңдай термен тапқан қаражаттың тең жартысын учаске бастығына бөліп беруге мәжбүр болған.

Басшыларының бопсалауынан әбден қажыған 20-дан астам жұмысшы компанияның қауіпсіздік қызметіне шағымданған. Олар бірден құзырлы органдарға хабарлап, қазір күдікті азаматтың үстінен қылмыстық кодекстің 250 бабы бойынша іс қозғалды.

-Полицияда қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембеков.

 Қазір учаске бастығы өз өтініші бойынша жұмыстан кеткен. Кеншілердің айтуынша, учаске бастығы әр ай сайын жұмысшылардан жарты миллионға жуық ақша жинап отырған. Дегенмен, істің соңғы нүктесін сот қояды.


Көзі: Yunews.kz