Өскеменде полиция қызметшілері терезеден құлаған бала үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде полиция қызметшілері терезеден құлаған бала үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырды

444

Smiley face

Қала сыртындағы трассада патрульдеу кезінде ШҚО ІІД патрульдік полиция батальонының инспекторлары Олжас Әлімханов пен Еркін Қадыров Өскеменге қарай жылдамдық режимін асыра жүріп келе жатқан жеңіл автокөлікті байқады.

«Патрульдік экипажды байқап, жүргізуші бірден тоқтап, тәртіп сақшыларына көмек сұрап жүгінді. Белгілі болғандай, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны Ұлан Көпбаев өзінің бір жарым жастағы қызын облыс орталығының ауруханасына апара жатқан», деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, аз уақыт қараусыз қалған бала үшінші қабаттағы ашық терезенің терезесінен құлап кеткен. Қыз баланың әкесі жағдайды тез бағдарлап, бір минутты жоғалтпай, баланы жұбайымен бірге машинаға отырғызып, облыс орталығына баруды шешкен.

Полиция қызметкерлері бірден «жасыл дәліз» ұйымдастырып, азаматтарды медициналық мекемеге кедергісіз жеткізді. Қыз Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығының қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Мамандар көптеген жарақаттар мен жараларды анықтады. Әкесінің айтуынша, бүгінгі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Қыздың әкесі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевқа келіп, қиын сәтте қайырымдылық көрсеткен полицейлерді назарсыз қалдырмауды өтінді. Ол дәл осы көмектің арқасында тәртіп сақшылары қызының өмірін сақтап қалды деп санайды.


Көзі: Yunews.kz