Алматыдан Арысқа 95 тонна құрылыс материалдары жеткізіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыдан Арысқа 95 тонна құрылыс материалдары жеткізіледі

444

Smiley face

Құрылыс материалдарының 95 тоннасы бар 10 көлік бірлігінен тұратын жүк машиналарының колоннасы Алматыдан Арыс қаласына шығады. Жүкті жіберу 3 шілдеде сағат 04:00-ке жоспарланған. Терезе, есік, лак-бояу материалдары, құрғақ құрылыс қоспалары түрінде 28 құрылыс дүкені мен мегаполис базарлары көмек көрсетті.

Айта кету керек, Арыс қаласында қазірдің өзінде нысандарды қалпына келтіруге кіріскен алматылық құрылысшылар бригадасы жұмыс істейді. Мамандар үйлерді аралап, ақауларды анықтады. Жұмысшылар бірінші кезекте қабырғалардың, шатырлардың, терезелердің, есіктердің және үйлердің сыртқы және ішкі әрленуін қалпына келтіруге кірісті.

Кәсіпкерлер жинаған құрылыс материалдары Алматы қаласына бөлінген 440 нысан орналасқан учаскені қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын болады. Оның ішінде 435 - тұрғын үй, 4 дүкен және 1 мектеп. Жұмыстарды шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы, бір күндік жалақыны аудару есебінен алматылықтар 140 млн теңге жинады. Сондай-ақ, Арыс қаласына 27 тонна гуманитарлық көмек, байланыс станциясы, далалық ас үй және 100 адамға арналған шатырлы лагерь жіберілді, деп хабарлады «NurOtan» партиясының Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz