Грузияда микроавтобуспен болған жол апатынан 14 әскери қызметші зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Грузияда микроавтобуспен болған жол апатынан 14 әскери қызметші зардап шекті

444

Smiley face

Грузияда жолаушылар шағын автобусы аударылып, салдарынан 14 әскери қызметші зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

«Батумиден Сенакиге бара жатқан екінші жаяу әскер бригадасының қызметшілерін тасымалдаған шағын автобус жолдан шығып, аударылып қалды. Нәтижесінде 14 әскери қызметші түрлі жарақат алды. Зардап шеккендер дереу клиникаға жеткізілді, олардың үшеуі ауруханадан шығарылды», - делінген Грузия Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Зардап шеккендердің өміріне  қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу басталды.


Көзі: Yunews.kz