Шеті жоқ қала - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шеті жоқ қала

444

Smiley face

Аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қаланы дамыту «шетсіз қала» қағидаты бойынша жүргізілетінін атап өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына жұмыс сапарымен келіп, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, энергетикалық кешен нысандарын жаңғырту барысымен танысты, өртке қарсы қызметті дамыту, сондай-ақ балалар ойын алаңдарының, әсіресе батуттардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Мегаполисте автобус маршруттары желісін дамыту үшін 200 автобусқа арналған №3 коммуналдық автопарк пен 130 автобусқа арналған жеке тасымалдаушы базасының құрылысы жүргізілуде. Осыған орай кәсіпорын басшыларымен бағыттарды субсидиялау, жылжымалы составты жаңарту және жүргізушілер мен басқа мамандық иелерін дайындау мәселелері талқыланды.

«Автобустар жаңаруда, қалалықтардың сапалы қызметке деген сұранысы артуда, демек тасымалдаушылар персоналының біліктілігі жоғары болуы тиіс. Колледждермен бірге жұмыс істеп, жүргізушілердің, механиктердің, электриктердің, және басқа да мамандық иелерінің жетіспеушілігін шешуге болады», деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған топты тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешіліп жатыр. Қала әкімі Алатау ауданы Алғабас шағын ауданындағы 8,3 га учаскеде 23 үй салынатын тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев шағын аудандарды орталықтандыру қағидаты бойынша дамыту қажеттігін атап өтті.

«Мұнда сквер, емхана, тіпті дүкен қарастырылмаған. Сондықтан Жайлы қалалық орта басқармасына кейінгі жобалардың бірінші қабаттарына әлеуметтік нысандардың орналасуын қарастыруды тапсырамын», деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан басқа, ЖЭО-2-ге барған кезде қала басшысына атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту бойынша жасалған нұсқалар туралы баяндалды. Бақытжан Сағынтаев тиісті органдарға барлық нұсқаларды талдап, қысқа мерзімде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.


Көзі: yunews.kz