Семей құс фабрикалары Арыс қаласына 20 тонна ет жіберді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей құс фабрикалары Арыс қаласына 20 тонна ет жіберді

444

Smiley face

Семей қаласының тұрғындары Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Өңір кәсіпкерлері де шет қалмады. Екі жергілікті құс фабрикасы зардап шеккен қалаға жалпы сомасы 15 миллион теңгеге 20 тонна тауық етін жіберді.

"Күн сайын жедел есептілік жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша семейліктерге 10 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бүгін кезекті жүк - 20 тонна ет жөнелтіледі. ",- деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Smiley face

Кәсіпкерлер бұл қиын күндері отандастарға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. 

Қалалық ақпараттық орталықтың мәліметтері бойынша, жүк 2 мың километрден асып, үш күннен кейін Арыс қаласына келеді.


Көзі: yunews.kz