"Жоғалған" әмиян-алаяқтықтың жеке түрі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Жоғалған" әмиян-алаяқтықтың жеке түрі

444

Smiley face

          Тағы бір алаяқтық туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері айтып берді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқ қала саябақтары мен скверлерде адамдар көп шоғырланған жерлерде әдейі "жұмыс істейді". Жалғыздан кетіп бара жатқан адамдардың қалтасына әмиян лақтырып кететін болған. Жаман ештеңе сезбестен адамдар әмиянды көтерді. Осы сәттен бастап алаяқ әрекет ете бастады. Сол кезде адамның қасына келіп белілі бір соммада ақша жетіспейтінін айтып талап еткен. Жоғалған ірі ақша сомасы туралы дау мен нақтылау кезінде, алаяқ жәбірленушінің ақшасын бірнеше рет қайта санаған.

Осындай қылмысты жасағаны үшін елордалық полиция қызметкерлері Ақмола облысынан "гастролерді" ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

          Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті осындай жағдайлар туындаған жағдайда "102" нөмірне қоңырау шалып және ешбір жағдайда өз ақша қаражатты бөгде тұлғаларға    бермеуді сұрады.

Аталған адамның құқыққа қарсы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Нұр-Сұлтан Полиция департаментіне Бейбітшілік көшесі, 19 мекен-жайы бойынша немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69 немесе "102" телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.


Көзі: yunews.kz