Чехиялық бизнесмендер «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын салуға қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Чехиялық бизнесмендер «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын салуға қатысады

444

Smiley face

Газ тарату желілерінің құрылысында өндірістік кооперация құрылатын болады. Оған Қарағанды мен Чехияның 6 кәсіпорны кірді.

«Қарағандыда өндірістік, логистикалық және әкімшілік активтер бар, ал чехтарда патенттелген ноу-хау бар.Ең аз бастапқы капиталдандырудан бастап Қазақстан мен Чех Республикасының мүддесі үшін Қарағандыда өндірісті іске қосуға болады», деді «ViolanTradeInc» Чехия компаниясының бас менеджері Виктор Иванов.

Қарағанды машина жасаушылары Чехия мамандарының сызбалары бойынша өз кәсіпорындарында Жезқазған, Теміртау, Қарағанды тұрғындарын газбен қамтамасыз ету үшін қажетті газ тарату станцияларына арналған жинақтауыштарды өндіруге дайын.

«Чехия тарапы бізге сызбаларды, технологияларды, біз осы кезеңде шығара алмайтын қандай да бір жиынтықтарды ұсынады, бұл – қысым датчиктері, газ есептегіштері. Сондай-ақ олар бізге мамандарды оқытуға көмектеседі. Өндірісті дайындауды осы бағытта жасаймыз. Газ осы жерге келгенде, біз халық үшін қандай да бір тауар өнімдерін жасай аламыз», деп түсіндірді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесі жанындағы Машина жасау комитетінің төрағасы Геннадий Копьяк. 

Smiley face

Еске саламыз, шахтерлер өлкесінің аумағы бойынша 800 шақырымнан астам «Сарыарқа» газ құбыры өтеді. Қарағанды өңірінің 5 қаласы мен 119 ауылы көгілдір отынға көшеді.


Көзі: yunews.kz