Өскемен гарнизонында әскери жекепе жек бойынша «Қазақ жауынгері» жарысы өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен гарнизонында әскери жекепе жек бойынша «Қазақ жауынгері» жарысы өтті

444

Smiley face

Қорғаныс министрінің әскери бөлімдердегі қоян-қолтық ұрысты одан әрі дамыту, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі нұсқауын жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласының «Шығыс» Орталық стадионында «Қазақ жауынгері» әскери қоян-қолтық ұрыстан Өскемен гарнизоны бастығының кубогына ашық жарыс өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Жарысқа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің 100-ге жуық спортшылары, «Титан», «Спарта» және «Айбын» спорттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша гарнизон бастығының ауыспалы кубогын Өскемен қаласының 27943 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды, ал турнирдің үздік спортшысы болып сол әскери бөлімнің ефрейторы Т. Қайсенов атанды.

«Қарулы Күштердегі әскери қоян-қолтық ұрыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бүгінгі турнирде әскери қызметшілер өздерінің шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті», деп атап өтті Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Б.Тәжібаев. Еске саламыз, осындай жарыстар гарнизонда екінші рет өткізіліп отыр. Жарыс соңында қатысушылар мен көрермендер үшін «Шығыс» әскери командованиесінің көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 


Көзі: yunews.kz