Жеңіл автомобиль жүк поезымен соғылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жеңіл автомобиль жүк поезымен соғылды

444

Smiley face

Австрияның оңтүстік-шығысында Штирия федералдық жерінде жеңіл автокөлік пен жүк поезының соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Төтенше оқиға Вильдон елді мекенінде орын алды. «Вильдондағы теміржол апаты: жеңіл автокөлік сағат 13.50-де жүк поезымен соқтығысқан . Екі адам қаза тапты. Қаза болғандардың аты-жөні әзірге белгісіз», делінген Twitter-дегі Штирия полициясының хабарламасында.

«Kurier» басылымы хабарлағандай, апат теміржол өткелінде болған. Апаттың нақты себебі әлі белгісіз.


Көзі: Yunews.kz