Лондон үстінде ұшақтан құлаған билетсіз жолаушы әуежай қызметшісі болуы мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Лондон үстінде ұшақтан құлаған билетсіз жолаушы әуежай қызметшісі болуы мүмкін

444

Smiley face

Лондонның үстінде Kenya Airways әуекомпаниясы ұшағының шассиі қуысынан құлаған ер адам Найробидегі халықаралық әуежайдың қызметкері болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқыс оқиғаны тергеумен айналысатын мамандар жақында шасси бөлігінде қалған ер адам бар деген болжам бар бейнебақылау камераларынан жазба тапты. Оның жеке басы әлі күнге дейін анықталмаған, себебі оның жанынан төлқұжат немесе басқа құжаттар табылмады.

Белгісіз адамның денесі британ астанасының оңтүстігіндегі Клэпам ауданындағы жеке үйдің ауласынан табылды. Шақырту бойынша келген полицейлер мен дәрігерлер ер адамның өлі екенін растады, оның жасы белгісіз. Хитроу әуежайына қонған ұшақты тексерген тергеушілер  шассидің бөлігінен сөмке, су және азық-түлік қорын тапты. Полиция орын алған оқиға туралы халықаралық құрылымдар мен авиакомпанияларды хабардар етті.


Көзі: Yunews.kz