Қазақстанда интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі

444

Smiley face

Транспорт пен логистика саласын цифрландыру транзиттік жүк тасымалының артуына ықпал етеді. Бұл міндеттер «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қамтылған.

Электронды құжат айналымын енгізіп, интеллектуалды транспорт жүйесіне көшудің нәтижесінде көздеген көрсеткішке қол жеткізіледі. Қазақстанда цифрлық технологиялар іс жүзінде тиімділігін көрсетіп келеді.

Мәселен, Астана-Щучинск ақылы автожолынан жыл сайын бюджетке шамамен 1 жарым млрд теңге түсім түседі. Бұл қаражат жолды жөндеу жұмыстарына және автоматтық өлшеу құралдарын енгізуге жұмсалады.

Заманауи қондырғыларды қолдана бастағаннан кейін 1 жылда жол ережесін бұзу дерегі 85% төмендеді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арнайы жол картасы да әзірленген. Елімізде интеллектуалды көлік жүйесі біртіндеп іске аса бастайды. Биыл жүк салмағын өлшейтін 20 жүйе, 6 жол учаскесінде төлем алу жүйесі және 16 жылжымалы зертхана іске қосылады. Ал келер жылы 6 мың шақырым автожолға жол қозғалысын басқаратын және ауа райын болжайтын жүйе енгізіледі.

Қолға алынатын шара мұнымен бітпейді. 2020 жылы шешім қабылдауды қолдайтын және дерек-қор сараптама жүйесі іске қосылады. 2021 жылы 12 мың шақырым автожолға жол қозғалысын басқаратын әрі ауа райын болжайтын жүйе қолданысқа беріледі.

Ал 2022 жылы жол қозғалысы ережесін бұзу жайттарын анықтайтын бейне бақылау мен транспорт жүйесін адамның қатысуынсыз басқаратын жасанды интеллект енгізіледі. Бұл шаралардың нәтижесі көңіл көншітерлік. Мәселен, 2025 жылы төлем қабылдау жүйесінен қазынаға 200 млрд теңгеден астам пайда түседі. Бастысы, жол апатынан жапа шеккендердің саны 30 пайызға қысқарады. Транзит ағыны 10 пайызға, ал автотасымал көлемі 14 пайызға артады.


Көзі: Yunews.kz