2019 жылы көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру көлемі 700 млрд. теңгеге өсті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

2019 жылы көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру көлемі 700 млрд. теңгеге өсті

444

Smiley face

Бүгінгі таңда қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік көмектің 39 түріне мемлекет кепілдік берді. 2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақыға бюджеттен 2,5 трлн. теңге бөлініп, 3,8 млн. адамға (халықтың 20,9%) берілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен шамамен 800 мың адамға жалпы сомасы 190 млрд. теңге төленді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке көзделген қаражат көлемі 674 млрд.теңгеге өсіп, 3,3 трлн. теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28%. Әлеуметтік төлемдерге 2,9 трлн. теңге бөлінді», - деп атап өтті Сапарбаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Министрлік жұмысының жеті басым бағытын атап өтті.

Бірінші және ең маңызды міндет Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру болып табылады. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау жүйесін жақсарту да маңызы зор мәселе. Осыған байланысты Министрлік мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарды әзірлеп, қабылдады.

Кірістерді арттыру және жұмыс істеу құқығын жүзеге асыру үшін қазақстандықтардың нәтижелі жұмысқа тартылуын, жаңа экономика үшін кадрлар даярлау; лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, көші-қон процестерін реттеуге баса назар аударылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру негізгі міндеттердің бірі болып табылады.


Көзі: yunews.kz