Атырауда қалалық маршруттарға 30 жаңа автобус шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда қалалық маршруттарға 30 жаңа автобус шықты

444

Smiley face

Атырауда № 14 және №7 қалалық маршруттар жаңа автобустармен толықты. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қоғамдық көлік өңірдің мұнай компанияларының бірі сатып алып, "Атырау" ӘКК балансына берілді.

- Қостанай қаласында жиналған жаңа автобустар 85 жолаушыға есептелген. Көлік баспалдақтарсыз төмен еден, кондиционерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус бар. Қазіргі уақытта 18 автобус №14 маршрутта және алты автобус №7 маршрутта жұмыс істейді, қалғандары резервте тұр. Жақын арада біз оларды №50 маршрутқа шығарамыз, - деді "Akzhayk Avtopark" ЖШС директоры Қуантай ҚАЛМАН.

Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірдің қалалық маршруттары тағы да 130 автобуспен толығады.


Көзі: yunews.kz