Атырау облысында екі жасөспірім суға кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында екі жасөспірім суға кетті

444

Smiley face

Қайғылы оқиға Атырау облысының Махамбет ауданында орын алды. Атырау облысы ТЖД хабарлағандай, 2004 және 2005 жылы туылған жасөспірімдер жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. Сонымен қатар, Орал өзенінің осы учаскесінде қатты ағыс байқалады. Шамасы, балалар ағысты жеңе алмай, суға батып кетті. Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен аудандық балық инспекциясы қызметкерлері екі метрлік тереңдікте бір жарым сағаттан кейін жасөспірімдердің денелерін тапты.


Көзі: yunews.kz